Баламнан айырылу үлкен қасірет болды | АЙГҮЛ ҚОСАНОВА | ЕҢ АЛҒАШҚЫ

2021 ж. 31 Мам.
379 125 Рет қаралды

Елімізге еңбегі сіңген танымал адамдардың алғашқы қадамдарын қамтитын "Ең алғашқы..." жобасы.
Бағдарлама барысында:
- Студияда кейіпкерге бейнематериал жасырылған беймәлім ұяшықтар таңдауға ұсынылады. Таңдалған тақырыпқа қатысты кейіпкер өз өміріне қатысты оқиғаларымен бөліседі;
- Репортер кейіпкердің ең алғашқы үйі, мектебі, махаббаты, жұмысы, жетістігі мен жеңілісі және т.б қадамдарына қатысты бейнематериал дайындайды. Сол арқылы кейіпкердің тіпті өзі ұмытып қалған сәттерін еске түсіреміз;
- Кейіпкердің өмірінде маңызы бар қонақ студияға келеді. Бірақ ол жайлы кейіпкер білмейді;
- Бағдарлама соңында кейіпкер алғаш рет бір әрекет жасайды және өмірден түйгенімен көпшілікпен бөліседі;
Бағдарламаны әр сенбі сайын сағат 18:35 ​-те Евразия телеканалынан, ал араға апта салып, Amantasyganlive ютуб каналынан көруге болады!
Басқа да шығарылымдар:
Достар, жаңа шығарылымды жіберіп алмас үшін қоңыраушаны басып қойыңыздар!🔔
БІЗБЕН БІРГЕ БОЛЫҢЫЗДАР👇
Аман Тасыған
instagram.com/amantasygan...
Ресми парақшасы
instagram.com/amantasygan​.. .

Пікірлер
  • Сіздің сондай әдемі дәстүрлі әншілігіңізді қатты бағалаймын, өзіңіздің байсалды ақылдылығыңызға тәнті болдым, рахмет.

    Кульбаги МустафинаКульбаги Мустафина Жыл бұрын
  • Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы. Мақтауға Алла ғана лайық қой. Дегенмен күміс көмей,жез таңдай,теңдесі жоқ ерекше жан. Алла анаңызға,отбасыңызға амандық, береке бірлік берсін. Аман болыңыз!

    Жасулан НургалиевЖасулан Нургалиев Жыл бұрын
  • Жыламаңыз. Сізбен бірге жыладым. Алла Сіздерге ғұмыр берсін. Алдағы өміріңіздің әрбір күні қуаныш пен сәттілікке толы болсын.

    Rahila AksholakovaRahila Aksholakova Жыл бұрын
  • Ой толғанысын, сезім парасатын, өмір өткелдерін бір сәт ойға салатын керемет бағдарлама. Ғұмыры ұзақ болсын!

    Ерсултан МустафаевЕрсултан Мустафаев Жыл бұрын
  • Қымбатты қонағымыз Айгүл Қосанова🔥 Шығарылым ұнаса, лүпіл басып , өз пікіріңізді қалдыруды ұмытпаңыз 👍🏻

    Aman Tasygan LIVEAman Tasygan LIVE Жыл бұрын
  • Егіз лебіз -ден көріп ұнатып қалдым. Алла тағала жақсы мінезді, сабырлықты, ақыл мен сұлулықты, имандылықты үйіп төгіп берген екен , алла баянды өмір берсін, үбірлі шүбірлі болыңдар. Менің де тұңғышым 1 жастан асқанда шетінеп кеткен, ана үшін ұмытылмайтын қасірет, алла берген қыздарым, немерелерім аман болсын

    Gulbibi KayirbekGulbibi Kayirbek Жыл бұрын
  • Айгүл керемет әншісің, шынайысың, өнерің өрлей берсін, отбасың аман болсын!!!

    Пернегүл ЖаманқұлПернегүл Жаманқұл Жыл бұрын
  • Айгүл апай, Сіз нағыз талантсыз! Сізді тыңдау, тамашалау әрдайым көңілім толады! Өнеріңіз талмасын, қуанышты сәттеріңіз көп болсын!

    bel cantobel canto Жыл бұрын
  • Өзі де сұлу, жаны да сұлу, сөйлеу мәдениеті, сахна мәдениеті өте жоғары, талғамы биік өнер адамы. Айгүл ханымды нағыз сахнаның жұлдызы деп айта аламыз

    STARSSTARS Жыл бұрын
  • Қазақта бірнеше әншілер бар - қанша тыңдасаң да жалықпайсың. Әншіні ән үшін емес, әнді әнші үшін тыңдайтын тұлғалардың бірі Айгүл Қосанова апайымыз.

    Айдана БакыткызыАйдана Бакыткызы Жыл бұрын
  • Не только сіздің әкеңіз менің де әкем дауысыңызды шығарып, саңқытып қосып қояды.. Ааааа деп қосылып айтады... Сүйсінем қарап.. Мақтанамыз сізбен..

    Тілек 🤍Тілек 🤍 Жыл бұрын
  • Айгүл атына заты сай келетін аяулы қызы қазақтың, ұлтымыздың мақтанышы, нағыз қазақ! ! ! Əні қандай, дауысы құлаққа жағымды, талғампаз əнші. Аман болсын! Жанұясымен бақытты болып, өнерімен халқын сусындата берсін.

    Шеризат АуганбаеваШеризат Ауганбаева Жыл бұрын
  • Өте əдемі сұлу Айгүл өнері өрлей берсін , Егіз лебіз жобасына қатысып , сегіз қырлы бір сырлы декші ма еді, таңқалдырды, от басы аман болсын , балаларының қызығын көре берсін😍

    Гульшат РахимоваГульшат Рахимова Жыл бұрын
  • Даусы керемет концертинде живой дауыспен айтканда таң калдым

    RaiiRaii Жыл бұрын
  • Қазақтың биязы, инабатты, талантты әнші қызы 👏🏼👏🏼👏🏼

    Zuldiz SeriZuldiz Seri Жыл бұрын
  • Осы әнші қатты ұнайды, өте әдемі, ерекше, мәдениетті жан.

    L&R kzL&R kz Жыл бұрын
  • Жыласа жыладым,күлсе күлдім, өзінің әр бір сөз саптауына сүйсіндім сүйікті әншім. Сәттілік тілеймін, инстаграмды жақсы жүргізіңізші

    амелия н намелия н н Жыл бұрын
  • АЛЛА БАҚ БЕРСІН,АЙГҮЛ ӘНШІ.АНАШЫҢЫЗҒА,БАУЫРЛАРЫҢЫЗҒА,ОТБАСЫ,БАЛА-ШАҒАҢЫЗҒА АЛЛА АМАНДЫҚ,САУЛЫҚ БЕРСІН.

    Кайрат АменовКайрат Аменов Жыл бұрын
  • Казак кызынын символы,бакыты бол ар кашанда биркелки Туган кызымдаи бакыты бол, анин калыктап аспанда журе берсин

    Serik BorambayevSerik Borambayev Жыл бұрын
  • Өнерің өрге жүзсін. Сүйіктті әншіміз. Сөйлеген сөзі орнықты сауатты текті қыз екенін көрсетті жарайсың.

    Bakytkhan ZhunusovaBakytkhan Zhunusova Жыл бұрын
KZburn